Бүгін елімізде ауа райы тұрақсыз болады

Фотография - Бүгін елімізде ауа райы тұрақсыз болады

Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде бұрқасын күтіліп, жел 15-20 м/с күшейеді

245 0

Жексенбі күні Қазақстанның барлық аймақтарында атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты тұрақсыз ауа райы сақталады, жауын-шашынмен, кей жерлерінде бұрқасын, тұман, көктайғақ және желдің күшеюі күтіледі. Бұл туралы Қазгидромет хабарлады.

Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде бұрқасын күтіліп, жел 15-20 м/с күшейеді. Алматы облысында түнде жел 15-20 м/с күшейеді. Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде бұрқасын, тұман болады, жел 15-22, түнде екпіні 23-28 м/с жетеді, Жамбыл облысының кей жерлерінде көктайғақ болады. Қызылорда облысының кей жерлерінде желдің 15-20 м/с күшеюі күтіліп, күндіз тұман, көктайғақ болады. Маңғыстау облысының кей жерлерінде тұман күтіледі, күндіз көктайғақ және жел 15-20 м/с болады. Атырау облысының кей жерлерінде көктайғақ, жел 15-20 м/с болады. Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, күндіз жел бұрқасынмен бірге 15-20 м/с күтіледі. Ақтөбе, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде бұрқасын, тұман, көктайғақ, жел 15-20 м/с болады. Павлодар облысының кей жерлерінде жел 15-20, кей жерлерде 25 м/с күтіліп, кей жерлерінде бұрқасын болады. Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде бұрқасын, көктайғақ, жел 17-22 м/с болады. 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!