ҚР Қорғаныс күштерінің әскери ұшқыштары 50 сағаттан аса көк аспанда қалықтады

Фотография - ҚР Қорғаныс күштерінің әскери ұшқыштары 50 сағаттан аса көк аспанда қалықтады

Осы жылы авиацияның жалпы ұшып өтуі 5%-ға ұлғайды

252 0

ҚР ҚК Әуе қорғанысы күштерінде 2015 жылы әртүрлі деңгейдегі жауынгерлік даярлық іс-шаралары және ұшу тактикалық оқу-жаттығулар өткізілді.Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.  

Осы жылы авиацияның жалпы ұшып өтуі 5%-ға ұлғайды. 2015 жылғы қарашаның басындағы жағдай бойынша авиацияның жалпы ұшып өтуі 15 200-ден аса сағатты (2014 жылы – 14 700-ден аса сағатты) құрады. Оның ішінде түнде шамамен 1 500 сағат (2014 жылы – 1 400-ден аса сағат). 
Ұшу даярлығының жоспары бойынша 823 ұшу ауысым орындалды. Әуе қорғанысы күштері әскери қызметшілерінің аспанда қалқып ұшу уақыты да ұлғайды. Бір ұшқыштың орташа ұшып өтуі 52 сағат 14 минутты (2014 жылы – 48 сағат 20 минутты) құрады. 
Майдандық авиация ұшқыштары көк аспанда 40 сағаттай, армиялық авиация – 61 сағаттан аса, көлік авиациясы – 86 сағаттай ұшты. 
Жуық арада 2015 оқу жылының қорытындысы бойынша ҚР ҚК ӘҚК ӘӘК-нің үздік әскери бөлімі анықталды. Бұл атаққа Шымкент қаласындағы 55652 әскери бөлімі – авиациялық база лайық деп танылды. Осы бөлімнің әскери қызметшілері бір жыл бойы жауынгерлік даярлықта және әскери тәртіпті нығайтуда үздік көрсеткіштер көрсетті. Авиабаза ұшқыштары МиГ-29 жойғыштары мен Су-25 шабуылдағыштарында "Авиадартс – 2015" ұшу экипаждарының халықаралық сайысында екінші орынды иеленді. Сонымен қатар олар аспанда "70" деген санды бейнелеп, Жеңістің 70 жылдығына орайластырылған шеруде ерекшеленді.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!