Нұртай Әбіқаев Сенат комитетінің мүшесі болып сайланды

Фотография - Нұртай Әбіқаев Сенат комитетінің мүшесі болып сайланды

Нұртай Әбіқаев Сенаттың халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетің мүшесі болды

144 0

ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасы Нұртай Әбіқаев Сенаттың халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетің құрамына сайланды. 

"Нұртай Әбіқаев белгілі мемлекет қайраткері, 2007 жылға дейін Сенат төрағасы болып жұмыс істеген. Нұртай Әбіқайұлын депутаттық қызметке тағы да кірісуімен құттықтаймыз. Нұртай Әбіқаев палатаның заң шығару қызметіне тың серпін беретіні анық. Нұртай Әбіқайұлы өзінің депутаттық міндетін халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетің құрамында орындау жөнінде өтініш білдірді", - деген Сенат төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев бұл шешімді дауысқа қойды. Депутаттар ұсынысты бірауыздан қолдап, Нұртай Әбіқаевты Сенаттың халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетің мүшесі қызметіне сайлады.

"Комитет мүшелері Президенттің Жарлығымен Сенат депутаты болып тағайындалған Нұртай Әбіқайұлын шын жүректен құттықтаймыз. Қазақстан жұртшылығы Нұртай Әбіқайұлын тәуелсіздігімізді нығайтуға ерен үлес қосқан көрнекті мемлекет қайраткері ретінде құрметтейді. Соңғы жылдары Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы лауазымында еліміздің қауіпсіздігін, ішкі тұрақтылықты, бейбіт өмірді қамтамасыз ету жолында үлкен іс-шараларды жүзеге асырғаны елге жақсы белгілі", - деді өз кезегінде комитет төрағасы Икрам Адырбеков.


baq.kz




Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!