Биыл Астанада 1,5 млн шаршы метрге жуық тұрғын үй пайдалануға берілді

Фотография - Биыл Астанада 1,5 млн шаршы метрге жуық тұрғын үй пайдалануға берілді

Бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша ғана жалпы өңірлік өнім өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 4,3% ұлғайды

476 0

Бүгін қалалық әкімдікте елорда басшысы Әділбек Жақсыбековтың қатысуымен өткен аппарат отырысында 2015 жылдың басты қорытындылары шығарылды. Отырыс барысында қаланың экономикалық дамуын сипаттайтын негізгі индикаторлар мен көрсеткіштердің артқаны атап көрсетілді. Бұл өңірлер арасында көш бастауға мүмкіндік берді. Бұл туралы қалалық әкімдіктің баспасөз қызметінен хабарлады.

Бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша ғана жалпы өңірлік өнім өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 4,3% ұлғайды. Оның республикалық көлемдегі үлесі 10,8 % құрады. 2015 жылы негізгі капиталға тартылған инвестициялар 16% артты. Өнеркәсіптік өндіріс көлемі 5,4% өсіп, 273,9 млрд. теңгені құрады, бұған өңдеуші өнеркәсіпте өнім өндірудің 5,7% ұлғаюы септігінтигізді. Төрт ірі өнеркәсіптік зауыт ашылды.

2015 жылы елордада 1,5 миллион шаршы метрге жуық тұрғын үй пайдалануға берілді, бұл 2014 жылғы көрсеткіштерге қарағанда 1,6 есе артық. Төрт мектептің, жеті балабақшаның және бес денсаулық сақтау нысанының құрылысы аяқталды. 18 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылды. Жұмыссыздық деңгейі4,6% дейін төмендеді. Бұл еліміздегі үздік көрсеткіш. Сонымен қатар, салық салу базасының ұлғаюы, шағын және орта бизнес саласының дамуы және т.б. атап көрсетілді.

"Алдағы жылы қаланың даму қарқынын тоқтатпауға күш салу керек", - деді Астана әкімі Әділбек Жақсыбеков. Қала басшысы бюджеттік қаржыландырудың қысқартылуына қарамастан міндеттерді бюджеттен тыс қаржы көздері арқылы шешіп, барлық көрсеткіштерді сақтап қалу керек екендігін жеткізді. «Инвестициялар тарту және кәсіпкерлерге жағдай жасау - келер жылдың басты міндеті», -деді елорда әкімі. Бұл ретте тек шетелдік инвесторлармен ғана емес, сондай-ақ, ең алдымен отандық кәсіпкерлермен жұмыс істеу керек.

Абаттандыру, тіршілікті қамтамасыз ету және қоғамдық қауіпсіздік мәселелері басты күн сайынғы міндеттер болып қалады, деді Ә. Жақсыбеков. Отырыс соңында қала әкімі барлық қалалық қызметтердің жұмыскерлерін келе жатқан Жаңа жылмен құттықтап, Астана мен оның тұрғындарының игілігі үшін атқарған жұмыстарында табыс тіледі.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!