Таяу үш күнде Қазақстанда ауа температурасының төмендеуі күтіледі

Фотография - Таяу үш күнде Қазақстанда ауа температурасының төмендеуі күтіледі

Алдағы үш күнде Қазақстанның көптеген облыстарында циклондардың өтуімен бірге қар жауып, бұрқасын болады

167 0

Биылғы жылдың соңғы күндері нормадан 8-13 градус, ал республиканың шығысында - 15-22 градус жоғары болған ауа температурасы өзгере бастайды.

Бұл туралы 29-31 желтоқсан күндеріне ауа райы болжамында "Қазгидромет" РМК хабарлайды.

Алдағы үш күнде Қазақстанның көптеген облыстарында циклондардың өтуімен бірге қар жауып, бұрқасын болады, 15-25 м/с жылдамдықпен жел соғады, 29 желтоқсанда көктайғақ күтіледі. Бірақ батыстан соққан жел енді солтүстік-шығысқа ауысып, Таймыр аудандарынан келетін салқын ауа республиканың солтүстік облыстарына өтіп, ауаның температурасы аталған кезең үшін нормаға ең жақын болады.

Бұл күндері республиканың оңтүстік жартысына Иран аудандарынан жылы ауа өтуін жалғастырып, Жаңа жылдың алдында температура нормадан 4-10 градус жоғары болады. 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!