Досаев: жанармай бағасын қайта реттедік

Фотография - Досаев: жанармай бағасын қайта реттедік

Халық қалаулылары елдегі жанармай бағасына алаңдаушылық білдіріп отыр.

175 0

Халық қалаулылары елдегі жанармай бағасына алаңдаушылық білдіріп отыр.

Бензин өндіретін шикізаттың құны екі есеге арзандаған. Алайда қара алтынның бағасы еш төмендемеді. Бүгін Мәжілісте өткен Үкімет сағатында депутат Мұхтар Тінікеев осындай мәселе көтеріп, Ұлттық экономика министрін сұрақтың астына алды.

 Мұхтар Тінікеев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
 - Жанармай бағасы әлі күнге дейін өз шешімін таппады. Мұнай бағасы қаншалықты төмендеді? Жанармай құны неге арзандамайды?

Ерболат Досаев, ҚР Ұлттық экономика министрі:
- Әрине, АИ-92 маркалы бензинінің бағасын қайта реттегенімізбен, оның құны арзандамады. Бірақ теңге бағамының еркін айналымға өткендігін ескерсек, жанармай құны қымбаттаған жоқ. Бұған дейін де сіздер маған осы сұрақты сан мәрте қойдыңыздар. Біз шын мәнінде бағаны қайта реттедік. Қажетті мұнай өнімдерін экспортқа шығаруға рұқсат бердік. Қазір оның құны тұрақты. Біз жасап жатқан қадамдар өз жемісін беріп жатыр деп санаймын.

Ал еліміз 2018 жылға қарай өзін-өзі толығымен мұнай өнімдерімен қамтамасыз етеді. Ұлттық экономика министрінің сөзіне сенсек, бұл уақытқа дейін барлық мұнай өңдейтін зауыттар жаңғыртылып бітеді.

24.kz

Тегтер:

Бензин бағасы

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!