ҚХА бір жылда 44 мың балаға қазақ тілін оқытты

Фотография - ҚХА бір жылда 44 мың балаға қазақ тілін оқытты

Бұл туралы ҚХА төрағасының орынбасары - секретариаттың хатшысы Ералы Тоғжанов мәлім етті

348 0

Қазақстан халқы Ассамблеясы жылы 44 мың бала қазақ тілін үйренген. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында ҚХА төрағасының орынбасары - секретариаттың хатшысы Ералы Тоғжанов мәлім етті. 

Е.Тоғжанов атап өткендей, Қазақстан халқы Ассамблеясының жылы аясында көп мақсаттар көзделген. Бірақ, Ассамблея о бастағы жоспарларды артығымын орындап, жылды жемісті аяқтап отыр.

"Біз жоспарды артығымен орындадық. Мемлекеттік тілді дамыту бағытында кемінде 1000 балаға қазақ тілін үйретеміз деп жоспарлаған едік. Ал, жыл қорытындысы бойынша 44 мың балаға мемлекеттік тілді оқыттық", -дейді Е.Тоғжанов.

Сондай-ақ, қазақстандықтарға әлеуметтік көмек ретінде Қазақстан халқы Ассамблеясы «Менің Қазақстаным» акциясының аясында 50 мыңнан астам адамға тегін медициналық көмек көрсеткен. Ал, «Қамқор» акциясы бойынша, әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға жалпы сомасы 413 млн теңге көмек көрсетілген.


ҚазАқпарат



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!