Қазақстан экономикалық және әлеуметтік тұрақтылықты сақтап қалды - Назарбаев

Фотография - Қазақстан экономикалық және әлеуметтік тұрақтылықты сақтап қалды - Назарбаев

Нұрсұлтан Назарбаевтың жолдаған құттықтау хатын Сенат төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев оқып берді

449 0

Бүгін ҚР Парламенті депутаттары мен аппарат қызметкерлерінің отырысында Сенат төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың жолдаған құттықтау хатын оқып берді, деп хабарлайды Today.kz.

 "Өтіп бара жатқан жылы Қазақстан үдемелі даму жолымен батыл ілгерілей түсті. Президент сайлауы өтіп, ол қоғамымыздың тұтастығын, елді толайым жаңғырту үшін таңдап алған бағытымыздың дұрыстығын дәлелдеп берді. Бұл жыл тарихи жадыны жаңғырту, мемлекеттілікті, жалпыұлттық бірлікті нығайту рухында өтті. Фашизммен соғыстағы Ұлы Жеңістің 70 жылдық мерейтойы, Ата заңымыздың 20 жылдығы айрықша маңызды оқиғаларға айналды. Қазақ хандығының 550 жылдығы және Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығын салтанатты түрде атап өттік. Елді индустриялық-инновациялық және инфрақұрылымдық дамыту ісінде маңызды нәтижелерге қол жеткізілді. Мемлекет өзінің әлеуметтік міндеттемелерінен бас тартқан жоқ", - деген Президент.

Елбасы атап өткендей, қазақстандықтар ертеңгі күнге нық сенімді. Биыл Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы экономикалық интеграция одан әрі жалғасты, сондай-ақ еліміз Дүниежүзілік сауда ұйымына мүше болды. Қазақстан сыртқы нарықтардағы қолайсыз ықпалдарға қарамастан, экономикалық және әлеуметтік тұрақтылықты сақтап қалды. Бұған республика Парламентінің заң шығарушылық жемісті жұмысы елеулі септігін тигізді. Ағымдағы әлеуметтік-экономикалық шаралар ішінде бес институционалдық реформаны жүзеге асыру үшін де жедел және сапалы құқықтық негіз қаланды.

"Осы орайда бүкіл депутаттық корпус, Сенат және Мәжіліс аппараттарының қызметкерлеріне сындарлы жұмысы және мемлекетіміздің өркендеуіне қосқан баға жетпес үлесі үшін ризашылық білдіремін. Сіздерді келе жатқан жаңа жылмен шын жүректен құттықтаймын. Баршаңызға мықты денсаулық, республикамызды дамыту жолындағы еңбектеріңізге кәсіби табыс, отбасылық игілік пен бақ-береке тілеймін", - деген Мемлекет басшысы құттықтау хатында.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!