Елбасы Астананың жаңажылдық кешіне қатысты

Фотография - Елбасы Астананың жаңажылдық кешіне қатысты

сурет akorda.kz сайтынан

Нұрсұлтан Назарбаев баршаны алдағы Жаңа жылмен құттықтады және елімізге игілік, әр үйге татулық пен келісім тіледі

345 0

Жиналғандарға сөз арнаған Мемлекет басшысы алдағы жылды республикамыз өз Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында өткізетінін айтты, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Ұлы мерекені лайықты қарсы алу үшін бүкіл еліміз жұмыла еңбек ететін болады. Егемендік жылдары жаңа ел қалыптасты, оған барша қазақстандықтардың күш-жігері арқылы қол жеткізілді. Көпэтносты және көпконфессиялы халқымызға бірлескен жұмыс үшін зор алғысымды білдіргім келеді, – деді Қазақстан Президенті.

Нұрсұлтан Назарбаев баршаны алдағы Жаңа жылмен құттықтады және елімізге игілік, әр үйге татулық пен келісім тіледі.

Қайырымдылық кешінен түскен қаражат түгелімен «Мейірімділік» Ерікті қоғамы» қорына аударылады



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!