Бүгін Қазақстан бірқатар өңірінде қар жауып, жел күшейеді

Фотография - Бүгін Қазақстан бірқатар өңірінде қар жауып, жел күшейеді

Синоптиктердің болжауынша, Қазақстанда ауа райы құбылмалы болады, қар жауып, боран соғады, көктайғақ болып, жел күшейеді.

322 0

Синоптиктердің болжауынша, Қазақстанда ауа райы құбылмалы болады, қар жауып, боран соғады, көктайғақ болып, жел күшейеді.

"Қазгидромет" РМК мәліметінше, Ақмола, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарында кей жерлерде боран соғып, желдің жылдамдығы 15-20 м/с күшейеді, Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман түседі. Қостанай облысында 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады, оның екпіні 25 м/с-қа дейін күшейеді, кей жерлерде бұрқасындатады.

Атырау облысында жел күші – 15-20 м/с, кей жерлерде боран соғады. Маңғыстау облысында, таңертең және күндіз Жамбыл облысының кей жерлерінде 15-23 м/с-қа дейін күшейеді, кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болады, бұрқасындатады. Қызылорда облысында кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болады, күндіз 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.

Оңтүстік Қазақстан облысында 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады, екпіні 23 м/с күшейеді, ұйытқып боран соғады. Алматы облысында түнде кей жерлерде тұман түседі деп болжануда. Батыс Қазақстан облысында күндіз кей жерлерде бұрқасындатады, желдің жылдамдығы – 15-20 м/с. Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түседі.


baq.kz


Тегтер:

Қар ауа-райы жел

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!