Жаңажылдық мереке күндері аяз көтеріліп, боран соғады

Фотография - Жаңажылдық мереке күндері аяз көтеріліп, боран соғады

Оңтүстікте қар аралас жаңбыр жауып, көктайға болады, 15-25 м/с жылдамдықпен жел соғады.

232 0

Жаңажылдық мереке күндері, 31 желтоқсан мен 2 қаңтар аралығында Қазақстанның барлық аймақтарында ауа райы құбылмалы, боран соғып, аяз көтеріледі, деп болжауда синоптиктер. 

Каспийдің оңтүстігінде түзілген циклонның Қазақстан аумағы арқылы солтүстік-шығыс аймаққа өтуімен еліміздің барлық аймақтарында боран соғып, 18-28 м/с жылдамдықпен жел ұйытқиды. Жолдарды қалың қар жауып қалу қаупі бар, деп жазды Baq.kz.

Оңтүстікте қар аралас жаңбыр жауып, көктайға болады, 15-25 м/с жылдамдықпен жел соғады.

Ресейдің еуропалық бөлігінде түзілген суық антициклон Сібірдің батыс бөлігіне қарай жылжып, Қазақстанның солтүстік аймақтарына аязды ауа райын ала келеді. Мереке күндері аталған аймақтарда ауа температурасы -23.. -32 градусқа дейін төмендеуі мүмкін. 
Қазгидромет Жаңа жылды жақындарыңыз үшін алаңдаумен өткізбес үшін жолға шыққанда абай болуды ескертеді.  



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!