Астана әкімі Ә. Жақсыбеков жаңа жылмен құттықтады

Фотография - Астана әкімі Ә. Жақсыбеков жаңа жылмен құттықтады

Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, еңбектеріңізге толағай табыс тілеймін, деді Астана әкімі

557 0

Астана әкімі Ә. Жақсыбеков Елорда тұрғындары мен қонақтарын келе жатқан жаңа жыл мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды Today.kz Астана қаласы әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Сіздерді жаңа – 2016 жылмен шын жүректен құттықтаймын!

Келіп жеткен Мешін жылы босағаларыңыздан ырыс пен берекенің бастауы, жақсылық пен қуаныштың жаршысы болып аттасын.

Халқымызда "Өткен күннен алыс жоқ, келер күннен жақын жоқ "деген сөз бар. 2016 жылы қастерлі тәуелсіздігімізге 25 жыл толады. Осы уақыт ішінде тәуелсіздігімізді тұғырлы ету үшін талай келелі іс атқарылды. Азаттығымыздың белесті жылы да ел мерейін асырар, халқымызға пайдасы мол жарқын істерге тола берсін.

Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, еңбектеріңізге толағай табыс тілеймін!, деді  құттықтауында Астана әкімі Әділбек Жақсыбеков.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!