Бүгін еліміздің басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады

Фотография - Бүгін еліміздің басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады

Жамбыл, Қызылорда облыстарында тұман түсуі, көктайғақ болуы, кей жерлерде желдің 15-20 м/сқа дейін күшеюі күтіледі

362 0

Қазақстан аумағында бұрынғыша атмосфералық ағындардың өтуімен ауа райының тұрақсыз сипаты сақталуда, кей жерлерде қар жауып, бұрқасын көтеріледі, тұман түседі, көктайғақ болады және жел күшейеді.

Қазгидрометтің хабарлауынша, Қостанай, Қарағанды, Ақмола облыстарында кей жерлерде тұман түсуі, бұрқасын көтерілуі, желдің 15-20 м/с-қа дейін күшеюі байқалады.

Жамбыл, Қызылорда облыстарында тұман түсуі, көктайғақ болуы, кей жерлерде желдің 15-20 м/сқа дейін күшеюі күтіледі, Жамбыл облысында бұрқасындатқан желдің ұйтқуы 25 м/с-қа дейін жетеді.

Маңғыстау облысында кей жерлерде тұман түседі, көктайғақ болады. Оңтүстік Қазақстан облысында тұман түседі, жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді. Алматы облысында кей жерлерде тұман түседі, Жалаңашкөл ауданында желдің күші 18-23, ұйтқуы 28 м/с-қа жетеді.

Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, түнде Атырау, күндіз Павлодар облыстарында кей жерлерде бұрқасындатып, жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді. Солтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде тұман түсуі байқалады. 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!