Бүгін елімізде қар жауып, бұрқасындатады

Фотография - Бүгін елімізде қар жауып, бұрқасындатады

Қостанай, Қарағанды, Ақмола, Ақтөбе, күндіз Атырау облыстарында кей жерлерде бұрасындатып, жел күшейеді

135 0

Қазақстанда атмосфералық ағымдардың өтуінен күн райы құбылмалы, кей жерлерде қар жауып, бұрқасындатады, деп жазды  Baq.kz.

Қостанай, Қарағанды, Ақмола, Ақтөбе, күндіз Атырау облыстарында кей жерлерде бұрасындатып, жел күшейеді.

Жамбыл, Қызылорда облыстарында кей бөліктерде тұман, көктайғақ, 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады, Жамбыл өңірінде бұрқасындатады. Маңғыстау облысында кей бөліктерде желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ті құрайды деп күтілуде.

Оңтүстік Қазақстан облысында тұман байқалады, жел күшейеді. Алматы облысында кей жерлерде тұман түседі, Жалаңашкөл ауданында 18-23, екпіні 28 м/с жел соғады.

Шығыс Қазақстан облысында кей жерлерде бұрқасын болады, Солтүстік Қазақстан өңірінде кей жерлерде тұман түсуі мүмкін. 


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!