Bek Air компаниясы 2016 жылы рейстреді тоқтату мүмкіндігі жайына жауабын айтты

Фотография - Bek Air компаниясы 2016 жылы рейстреді тоқтату мүмкіндігі жайына жауабын айтты

Әуе тасымалдаушысының ақпаратынша, IOSA аудит сертификатының жоқтығына байланысты шектеулер компанияға таралмайды

543 0

Bek Air әуе компаниясы 2017 жылдың 24 қарашасына дейнгі жария етілген кесте бойынша рейстерін жалғастыратынын мәлімдеді, деп жазады  Today.kz компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып. Компанияда IOSA аудит сертификатының жоқтығына байланысты шектеулер Bek Air компаниясына қатысты еместігін атап өтті.

"Bek Air әуе компаниясына қатысты шектеулер қолданылмайды, кемі 2017 жылдың 24 қарашасына дейін. Өйткені, 1998 жылдың 24 наурызындағы № 213-I "Нормативті-құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 37-бабы 1 тармағында, "нормативті-құқықтық актінің күші бұл актілер енгізілгенге дейінгі қатынастарға таралмайды" деп жазылған", - делінген хабарламада.

Компанияда, 2015 жылдың қарашасында Азаматтық авиация комитетінен тасымалдаушы әуе кемелерінің эксплуатанты сертификаты мен оған тиісті сәйкес эксплуатациялық спецификациялар (арнай жағдай) алған, бұл құжат 2017 жылдың 24 қарашасына дейін рейстерді жүзеге асыруға құқық беретінін атап өтті.

Естеріңізге салайық, Азаматтық авияция комитеті Қазақстанда үш әуе компаниясы IOSA аудит сертификатының жоқтығына байланысты рейстерін тоқтатуы мүмкін деген болатын.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!