Бүгін Рождество мерекесіне орай мерекелік шаралар өтеді

Фотография - Бүгін Рождество мерекесіне орай мерекелік шаралар өтеді

сурет astana.gov.kz сайтынан

Астанада Рождество мерекесіне орай құдайға табыну шаралары барлық соборларда өтеді

398 0

7 қаңтарда барша әлемнің православ христиандары Рождество мерекесін атап өтеді. Бүгін мереке қарсаңында (сочельник) құдайға табыну шаралары ұйымдастырылады, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі. 

Астанада Рождество мерекесіне орай құдайға табыну шаралары барлық соборларда өтеді: Успен кафедралдық соборда (6 ш/а, Күйші Дина к-сі, 27), Константино-Еленинск соборында (Республика даңғылы, 12), Серафим Саровский шіркеуінде (Бөгенбай батыр даңғылы, 8). Бүгін таңғы сағат 8-де шіркеуде құдайға табыну басталды, мерекелік түнгі литургия сағат 23:00 елорданың барлық православиелік шіркеуінде және соборында өтеді.

7 қаңтарда мерекелік шаралар таңертең сағат 9.00 таңғы мерекелік литургиядан кейін басталады, ал сағат 11:00 Қазақстан православиелік шіркеуі мен мемлекеттік билік өкілдерінің құттықтау рәсімі өтеді. Мереке соңында сағат 17:00 Успен кафедралды соборында рождестволық кеш ұйымдастырылады.

Сонымен қатар, Астанада мерекелік рождестволық шаралар да өтеді. 7 қаңтарда сағат 13:00 әулие Кирилл мен Мефодий атындағы рухани-мәдени орталығының үлкен концерт залында (6 ш/а, Күйші Дина к-сі) балаларға арналған Рождестволық шырша ұйымдастырылады. Ал сағат 18:00 көпшілік назарына рождестволық концерт ұсынылады.

10 қаңтарда сағат 12:00 жексенбілік мектептердің православиелік Рождестволық фестивалі, сағат 18:00 Астаналық православиелік жастар қозғалысы әзірлеген "Рождество по-болгарски" рождестволық концерті ұйымдастырылады.

Еске салайық, Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 96-бабына сәйкес Құрбан айт және Рождество діни мерекелері ресми мерекелерге жатпайды, бірақ демалыс күндері болып саналады. Осыған орай 7 қаңтар күні қазақстандықтар демалады. 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!