Соңғы жеті жылда елімізде бірде бір дифтерияға шалдығу тіркелмеген

Фотография - Соңғы жеті жылда елімізде бірде бір дифтерияға шалдығу тіркелмеген

Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

318 0

Қазақстанда халықты вакциналау шараларымен кең көлемде қамтудың нәтижесінде 2009 жылдан бастап бірде-бір дифтерия жағдайы тіркелген жоқ, деп хабарлайды ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің баспасөз қызметі.

Халықты иммундау мақсатында дифтерия, көкжөтел, сіреспеге қарсы иммунитетті жасау үшін кешенді вакцина қолданылады. Вакциналау ҚР Ұлттық екпе күнтізбесіне сай 2 айдан бастап 60 жасқа дейін жасалады.

Дифтерия – ағзаның барлық мүшелері мен жүйесін зақымдайтын, ауыр түрде өтетін жұқпалы ауру. Дифтерия ауруы дене қызуының жоғарылауы, жалпы әлсіздіктен басталады да, жұтынғанда ауырсыну белгілері байқалады. Көп жағдайда адамдар аурудың алғашқы белгілерін баспа (ангина) деп қабылдап, өздігінен емдеуді бастап кетеді. Бұл дифтерия жағдайында өте қауіпті. Жұқпалы ауру сырқаттанған адам немесе ауруды тасымалдаушы сөйлегенде, түшкіргенде, жөтелгенде ауаға таралатын бактериялар арқылы жұғады. Дифтерия таяқшалары мұрын, аңқа, жоғары тыныс жолдарының шырышты қабатына түскенде жылдам көбейіп, орталық жүйке жүйесін, тамырлар мен жүректі зақымдайтын ерекше дифтериялық улы затты бөледі.

Дифтерия өзге жұқпалы ауруларға қарағанда, көптеген асқынуға: жүрек бұлшықетінің, тыныс алу жолдары мен диафрагма, жұмсақ таңдай, бет, мойын, дене және қол-аяқ бұшықетінің сал ауруларына әкеледі. Мұндай жұқпалы дертте өлім қаупі жоғары, жыл сайын 10-нан 20%-ға дейін ауруға шалдыққан сырқат адамдардың өліміне әкеледі.

Естеріңізге сала кетейік, жыл сайын Қазақстанда жұқпалы ауруларға қарсы 5 млн-ға жуық адам, оның ішінде 1,3 млн балалар егіледі. Иммунопрофилактика саласындағы мемлекеттік саясат ескерту шараларына бағытталып, сырттан тасымалдау жағдайында жұқпалы ауруларды оқшаулау мен жоюға негізделеді. Халықты вакциналау 21 жұқпалы ауруларға қарсы Ұлттық егу күнтізбесіне сәйкес тегін жүргізіледі.

24.kz


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!