Мұрат Оспанов орнынан босатылғаннан кейін шошқа өсіретін компанияда істеген

Фотография - Мұрат Оспанов орнынан босатылғаннан кейін шошқа өсіретін компанияда істеген

Жеке фирмада Оспанов үш айдай істеп, кейін жұмыстан шығып кеткен

895 0

2015 жылы аса ірі көлемде пара алды деп сотталған ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің бұрынғы басшысы Мұрат Оспанов шошқа өсірумен айналысатын ROVANI GROUP ЖШС-нен жұмыс орнын тапқан, деп жазады Today.kz. Бұл компанияда Оспанов үш айдай істеген.

Компанияда Мұрат Оспанов экономикалық мәселелер бойынша жетекшінің кеңесшісі қызметін атқарған. ҚР ТМРА  бұрынғы басшысы қазір қайда істейтіні белгісіз.

Ал, порталдағы анықтама бойынша ROVANI GROUP ЖШС 2014 жылы 14 қарашада қайта тіркелген, компанияның құрылтайшысы "Компания АстанаСтройИнвест" L. ROVANI S.R.L. Фирманың жұмыс түрі – шошқа мен торай өсіру.

Естеріңізге салсақ, Мұрат Оспанов ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі басшысы қызметінен 2014 жылдың шілде айында босатылған. Кейін оның 300 мың доллар көлемінде пара алу бойынша айыпталғаны белгілі болды. Сот шешімімен Оспановқа 1,101 миллиард теңге көлемінде айыппұл салынды, сондай-ақ, мүлкі тәркіленді және мемлекеттік органда өмір бойы жұмыс істеу мүмкіндігінен айырылды. ҚР ТМРА басшысы айыппұлды сот шешімінен кейін тоғыз ай өткесін толық төледі.

Today.kz  тілшісіне берген сұқбатында ҚР Жоғары сот аппаратының ақпараттық қамсыздандыру бөлімінің меңгерушісі Болат Кальянбеков, Оспанов миллиардтаған сомманы әйелінің көлігі мен жылжымайтын мүлкін сатып, жаңа жұмыстағы еңбекақысы арқылы жапты және бір бөлігіне туыстары демескен.

Кейін адвокаттың арызы бойынша Астана соты Оспановтың өмір бойғы мемлекеттік қызметте істей алмау мерзімін жеті жылға дейін төмендетті.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!