Бүгін еліміздің басым аумағында күн райы құбылмалы

Фотография - Бүгін еліміздің басым аумағында күн райы құбылмалы

Қазақстанның басым территориясында атмосфералық фронттар өтеді

184 0

Қазақстанның басым территориясында атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты тұрақсыз ауа-райы сақталады, кей жерлерде қар жуады, солтүстікте және орталықта күн ашық болғанымен, кей тұсында бұрқасын, тұман, көктайғақ болып, жел күшейеді, деп хабарлады ТЖК баспасөз қызметінен.  

Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жел 15-20 м/с болады.

Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ байқалады, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді.

Алматы облысының кей жерлерінде тұман байқалады, Жалаңашкөл ауданында жел 20-25, екпіні 28 м/с күшейеді.

Оңтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі.

Қызылорда облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.

Атырау облысының кей жерлерінде бұрқасын, тұман, көктайғақ байқалады, басым бөлігінде жел 17-22 м/с күшейеді.

Ақтөбе облысының кей жерлерінде бұрқасын, көктайғақ, жел 15-20 м/с болады.

Қостанай облысының кей жерлерінде бұрқасын, тұман күтіледі, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, түнде кей жерлерде жел 15-20 м/с күшейеді, бұрқасын болады.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!