Қазақстанда күн күрт суытады деп күтілуде

Фотография - Қазақстанда күн күрт суытады деп күтілуде

Синоптиктер желтоқсанның 12-14 арналған ауа-райы болжамы туралы айтып берді

192 0

Қазақстанда 12-14 желтоқсан күндері ауа-райы күрт ауысады. Республиканың солтүстік, орталық және шығыс аудандарына Орал үстінде орналасқан циклонға байланысты атмосфералық фронттар әсер етеді, деп жазады Today.kz "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасай отырып.

"11 желтоқсанда еліміздің солтүстік және батыс облыстарында қар, бұрқасын, секундына 15-20 метрге дейін жылдамдықта жел соғады және ауа температурасы климаттық нормадан 8-13 градусқа жоғары болады. Алайда, Кольск түбегінен келген суық ауадан республиканың солтүстік, орталық және шығыс аудандарында күн күрт суиды", - делінген хабарламада.

Мұның алдында хабарланғандай, ауа-райының бұзылуына байланысты Қарағанды мен Алматы облыстарының кей аудандарында көліктің жүруіне шектеу қойылған.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!