Оңтүстік Қазақстанда биотыңайтқыштар заводы салынады

Фотография - Оңтүстік Қазақстанда биотыңайтқыштар заводы салынады

Жаңа завод 200-250 адамды жұмыспен қамтыитын болады

536 0

ОҚО әкімдігі мен "Lotus Food" және "Organic Algae - Fertilizer" ЖШС түрік компаниялары арасында Қазығұрт ауданындағы индустриялды аймақта жалпы сомасы 12 млн АҚШ долларын құрайтын биохимиялық тыңайтқыш пен құрамажем шығаратын заманауи зауыт салу жөнінде келісім жасалды.

ОҚО әкімі баспасөз қызметінің мәліметінше, аумағы 6 гектарды қамтитын жоба келешекте 200-250 адамды жұмыспен қамтып, жылына 10 мың тонна дайын өнім шығаруға қауқарлы болмақ.

Соңғы кездері экологияны бұзатын синтетикалық тыңайтқыштардың көптеп шығарылып жатқаны белгілі. Ал қазақ-түрік әріптестігі негізінде өндірілетін тыңайтқыштар топырақтың физико-химиялық қасиетін жақсартып, құрамын жетілдіретін болады.

Осыған байланысты синтетикалық тыңайтқыштардың баламасы ретінде бұдан былай биоорганикалық тыңайтқыштар қолданыла бастамақ. Әлемдік нарықта соңғы 10 жылда биоорганикалық тыңайтқыштарды өндіруді дамыту жұмыстары Еуропада 40 пайызды көрсетті. Бұл өз кезегінде, аталған өнімдердің дүниежүзіне қажеттілігін көрсетеді.

Аталған биотыңайтқыштар қолданылып өсірілген ауыл шаруашылығы өнімдеріне халықаралық сапа сертификаты мен «Халал» стандарт сертификаты беріледі. Бұл Қазақстандық өнімдерді әлем нарығына еш кедергісіз экспорттауға мүмкіндік бермек.


BNews.kz




Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!