Қырғызстан апаттан кейін Қазақстаннан энергоқуат алатын болды

Фотография - Қырғызстан апаттан кейін Қазақстаннан энергоқуат алатын болды

Қырғызстанның су электр станциясында болған апаттан кейін энергетиктер елдің солтүстігін жарықпен қамту үшін апатты жүйені іске қосты.

292 0

Қырғызстанның су электр станциясында болған апаттан кейін энергетиктер елдің солтүстігін жарықпен қамту үшін апатты жүйені іске қосты.

Ал билік өкілдері қосымша электр қуатын алу мақсатында Қазақстанмен шұғыл келісім жасауға кірісті. Айта кетейік, Орталық Азиядағы ең ірі "Тоқтоғұл" су электр станциясында осыған дейін екі бірдей апат тіркеліп, мамандар қуат өндіруді тоқтатуға мәжбүр болған еді. Қазір станцияда жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. 23 және 28 желтоқсан күндері болған апаттардан кейін энергетиктер екі жұманың ішінде біртіндеп жағдайды реттейміз деп уәде берген еді. Алайда мәселе қиындап бара жақтандықтан, қырғыз үкіметі Қазақстаннан электр қуатын алатын болып келісті. Айыр қалпақты ағайын Екібастұздағы жылу электрстанциясынан сағатына 100 млн киловатт электр қуатын сатып алмақшы.

Владимир Анконодов, ннженер-механик:
- Оның барлық мүліктік ресурсы, техникалық мүмкіндіктері кепілдендірілген мерзімінен әлдеқашан өтіп кеткен. Сондықтан осындай жағдайды болдырмас үшін ертерек ауыстырып, жөндей беруі керек еді.

24.kz


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!