Kcell "мобильді құлдық" алынғаннан кейінгі абонент жоғалтуын болмашы ғана көреді

Фотография - Kcell "мобильді құлдық" алынғаннан кейінгі абонент жоғалтуын болмашы ғана көреді

Абоненттердің ең көп ауысып кетуі жағынан көшбасшы жаңа тарифтік жоспар енгізуде

554 0

Kcell ұялы байланыс операторының Қазақстанда  "мобильді құлдық" алынып тасталғаннан кейін алғашқы аптада мыңдаған абоненттерін жоғалтқанын елеулі шығын емес деп есептейді, деп жазады Today.kz тілшісі. Осы уақыт ішінде Kcell операторынан мыңдаған адам кетіп қалған. Ал 5-8 қаңтар аралығында 1200 абонент ауысып кеткен.

Kcell корпоративті коммуникациялар бөлімінің бастығы Наталья Еськова операторлардың қазіргі абоненттерге деген бәскелесті күресі жайында айтып берді.

"Біз өзіміздің креативті былтырғы жылы бастағанбыз, өзіміздің ішкі MNP қосылған кезде (абоненттік нөмірлердің ауысу қызметін қосу). Бұл компания абоненттерінің брендер арасында ауысуы, яғни, Activ-тен Kcell-ге және керісінше. Статистикаға сүйенсек, бірнеше мың абонент бұл қызметті пайдаланған. Біз Activ үшін тариф желісін айтарлықтай жаңартып, кеңіттік. Қазанның соңғы аптасында Kcell абоненттері үшін мәліметтік пакеті бар тарифтік желісін іске қостық", - дейді Наталья Еськова.

Оның айтуынша, Қазақстан нарығындағы жылдар бойғы Kcell жұмысы өз ісін жасады: оператор адамдар арасында премиум-бренд ретінде қабылданады. Сондықтан Activ абоненттері де одан таралғанмен, осы операторға өтуде.

"Бізде 19 қазанда, яғни, үшінші тоқсан аяғында 10,3 миллион абонент болды. ҚР Инвестиция мен даму министрлігінің 8 қаңтардағы статистикасы бойынша, "мобильді құлдық" алынып тасталғаннан кейін оператордан ауысу мыңнан сәл аса абонентті құрады. Ауысқан абоненттердің санын базаға сай өлшесек болмашы ғана. Біз жоспарымызда аша алмаймыз, бұл 2015 жылғы қаржылық нәтижелер есебіне байланысты үнсіздік аралығы, оның нәтижесін 29 қаңтарда жариялаймыз", - деп атап өтті Еськова.

Оның сөзінше, "мобильді құлдық" алынып тасталғаннан кейін және абоненттер үшін талас күшейгенімен, олар бәсеклестеріне көз алартып отырған жоқ.

Мұның алдында, ҚР Инвестиция мен даму министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің мәліметіне сай, 2016 жылдың 5-8 қаңтар аралығында екі мыңнан аса қазақстандық нөмірін сақтай отырып, ұялы байланыс операторын ауыстырған.

Көрсетілген аралықта  MNP қызметін 2 290 қазақстандық пайдаланған. Абоненттер ауысып келу жағынан бірінші орында Altel (982 адам), екінші орында Tele2 (558 адам), үшінші – Beeline (407 адам), төртінші – Kcell (343 адам).

Абоненттерді ең көп жоғалту Kcell оперторында байқалады – 1218 адам.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!