Н. Назарбаев Ердоған мен Меркельге көңіл айту жеделхатын жолдады

Фотография - Н. Назарбаев Ердоған мен Меркельге көңіл айту жеделхатын жолдады

Қос ел басшысына Елбасы Түрік Республикасының Стамбул қаласында болған террорлық актке байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады

247 0

Елбасы Түрік Республикасының Президенті Режеп Тайып Ердоғанға Стамбул қаласында болған террорлық актіге байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Қазақстан Президенті жарылыс туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдағанын атап өткен.

"Бүгінде терроризм бүкіл адамзатқа үлкен қатер төндіріп отыр. Бұл зұлымдықты тек күш-жігер жұмылдыру арқылы ғана жеңуге болады. Қазақстан бейбіт өмір мен елдеріміздің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін заманауи сын-қатерлерге қарсы күрес жолында Түркиямен тығыз ынтымақтастықты жалғастыруға дайын", - делінген жеделхатта.

Нұрсұлтан Назарбаев қаза болғандардың туыстарына Қазақстан халқының және жеке өзінің атынан көңіл айтты, сондай-ақ зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестігін білдірді. 

Сондай-ақ,  көңіл айту жеделхаты Түрік Республикасының Стамбул қаласында болған террорлық акт салдарынан неміс азаматтарының қаза табуына байланысты Германия Федералдық канцлері Ангела Меркельге жолданды. Жеделхатта қайғылы оқиға туралы хабарды Елбасының зор күйзеліспен қабылдағаны айтылған.

"Қазақстан жаһандық қауіпсіздікке қатер төндіретін терроризм мен экстремизмнің кез келген түрін айыптайды және бүкіл халықаралық қоғамдастықтың оған қарсы күресін қолдайды", - делінген жеделхатта.

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқының және жеке өзінің атынан А.Меркельге, қаза болғандардың туыстары мен жақындарына, сондай-ақ бүкіл Германия халқына шын ниетпен көңіл айтты.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!