Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы жауын-шашынсыз

Фотография - Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы жауын-шашынсыз

Республикамыздың кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады және жел күшейеді.

141 0

Қазақстанның басым бөлігінде ауа-райы жауын-шашынсыз, тек солтүстікте атмосфералық ағымдардың өтуіне байланысты ауа-райы құбылмалы болады, кей жерлерде қар жауып, бұрқасындатады, деп хабарлайды BNews.kz.

Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде боран соғады, жел 15-20 м/с күшейеді, Батыс Қазақстан облысында көктайғак болады.

Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай облыстарының кей аудандарында тұман түседі деп болжанып отыр, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді. Түнде Алматы облысының кей жерлерінде тұман түседі, Жалаңашкөл аумағында желдің күші 17-22 м/с болады.

Түнде Солтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман түседі, түнде Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді.

Атырау облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады, желдің жылдамдығы - 15-20 м/с. Маңғыстау облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с-қа күшейіп, күндіз тұман түседі. Күндіз Қызылорда облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с жетеді.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!