Нұрали Әлиев астаналық ата-аналардың жаңа ыңғайлықтары туралы айтып берді

Фотография - Нұрали Әлиев астаналық ата-аналардың жаңа ыңғайлықтары туралы айтып берді

Астана әкімінің орынбасары Интелектуалды смарт-орталықтың нәтижелерімен бөлісті

311 0

Елорда әкімінің орынбасары Нұрали Әлиев Астанадағы Интелектуалды байланыс-орталықтың жұмыс жоспары мен смарт-бастама туралы айтып берді.  Белгілі болғандай, 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап Астанада "109" Интелектуалды байланыс-орталығының тәжірибелік нұсқасын іске қосылды. Бұл қала тұрғындарының коммуналды-тұрмыстық сипаттағы барлық өтініштері келіп түсетін бір нүкте, деп жазады Today.kz Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Интелектуалды байланыс-орталығының мүмкіндіктері 60 шақыртуды бір уақытта қабылдауға мүмкіндік береді, бұл тұрғындар өтінішін өңдеуді айтарлықтай жеңілдетеді. Әлиевтің айтуынша, операторлардың қатысуынсыз 50 мың өтініш немесе жалпы санның 62 пайызы өңделген. Жалпы байланыс-орталығында қазір 15 оператор қызмет етеді.

Сонымен бірге байланыс-орталығы тұрғындар өтінішін телефон, smart.astana.kz және электронды пошта арқылы ғана қабылдап қоймайды: Астана тұрғындары өз өтініштерін енді #astana109 көрсету арқылы Facebook, Twitter және Instagram желілері арқылы жолдай алады, деп атап өтті Әлиев.

"Astana 109" парақшасы қаланың оқу мекемелерінде сабақтың болмайтыны туралы хабарламаны да лезде жариялайды.

Сонымен бірге, жақын күндері Астана әкімдігі мен Астана Innovations АҚ біріге отырып, ауа-райына байланысты сабақтың тоқтатылуы туралы хабарлама алуға болатын тағы бір смарт-тәсіл ұсынды.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!