Ұлттық қор бекер шашылады деп қорқудың жөні жоқ - Сағынтаев

Фотография - Ұлттық қор бекер шашылады деп қорқудың жөні жоқ - Сағынтаев

None

441 0

ҚР бірінші вице-премьері Бақытжан Сағынтаев және ҚР қаржы министрі Бақыт Сұлтанов ҚР ұлттық қорының қаржысы алдағы жеті жылға ғана қалды деп жақында шетелдік БАҚ таратқан ақпарат бойынша түсінік берді. Олардың айтуынша, мұндай алаңдаушылыққа себеп жоқ, деп жазады Today.kz.

Бақытжан Сағынтаевтың пікірінше, Ұлттық қорды сақтау үшін қаржыны дұрыс жұмсау қажет.

"Егер біз Ұлттық қордың қаржысын мақсатсыз жұмсай берсек, соның ішінде теңге бағамын ұстап тұру үшін, онда әрине, біраз уақыттан кейін ақша бітеді. Бұл туралы Елбасы да айтқан. Сондықтан, дағдарысқа қарсы жоспар қабылданды, онда қаржы жұмсаудың әрбір қадамы (ішкі бюджет бойынша әрбір министрліктің) бекітілген", - дейді Сағынтаев.

Оның айтуынша, бүгінде Ұлттық қордан тек "Нұрлы жол" бағдарламасы мен әлеуметтік нысандар ғана қаржыландырылуда.

Бақыт Сұлтанов әріптесінің ойын қолдады. Ол да үкіметтің бүгінде Ұлттық қор қаржысын жұмсауды қайта қарап жатқанын айтты.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!