Досаев үкіметтің қазіргі экономикалық жағдай үшін жауапкершілігі турасында айтты

Фотография - Досаев үкіметтің қазіргі экономикалық жағдай үшін жауапкершілігі турасында айтты

Министрдің пікірінше, үкімет дұрыс бағытта

372 0

ҚР Ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев Орталық коммуникациялар орталығындағы "2015 жылдағы экономикалық даму" тақырыбындағы баспасөз конференциясы барысында  Қазақстан үкіметінің ұлттық экономиканың қазіргі жағдайы үшін жауапкершілігі туралы журналисттер сауалына жауап берді, деп жазады Today.kz  тілшісі. Оның пікірінше, ҚР үкіметі дұрыс бағытта келе жатыр.

"Елдегі қалыптасқан экономикалық жағдай үшін жауапкершілік маған ғана емес, үкіметтің барлық мүшесіне қатысты. Қазақстан 25 жыл бұрын үлкен әлемнің мүшесі болған. Бізді қандайда бір сырқат болу мәселесі, әрбір үйде болады. Бұндай үрдіс Қазақстанда ғана емес, барлық әлеммен де байланысты. Дамыған елдердегі жағдаймен салыстырғанда Қазақстан өсім көрсетті. Өсім өткен жылмен салыстырғанда азболса да – 2014 жылы 4,3 пайыз болған. Бірақ, біз 1,2 пайздық өсім көрсеттік. Бұл, Елбасының тапсырысы бойынша үкіметпен қабылдаған шаралар және барлық сала бойынша нәтижелер, соның ішінде өңдеу саласында, біздің дұрыс бағытта екенімізді көрсетуде", - дейді Досаев. 

Естеріңізге салсақ, бүгінгі конференцияда Ерболат Досаев үкімет мұнайды сатудан қаржы түспеуін есептей отырып, республикалық бюджетті қайта қарауға дайын екенін хабарлады. Шешім наурыз айынан бұрын қабылданбайды.

Сонымен берге, 2016 жылдан бастап, республикалық бюджетте дағдарысқа қарсы жедел шаралар қабылдау үшін қосымша арнайы қор қалыптастырылатыны белгілі болды. Қаржы жұмыспен қамтуды қолдауға, "Нұрлы жол" мемлекеттік бағдарламасы мен өзге шараларды қосымша қаржыландыруға жұмсалады.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!