Бас прокуратура өткен жылды қорытындылады

Фотография - Бас прокуратура өткен жылды қорытындылады

Жиын барысында әрбір аймаққа бес институционалдық реформаны жүзеге асырудағы "100 нақты қадамды" орындау бойынша тапсырмалар берілді.

144 0

Бүгін Бас Прокуратура өкілдері өткен жылдың жұмыс қорытындыларын талқылап, алдағы уақытта жүзеге асуы тиіс шараларды айқындады.
Бас Прокурор Асхат Дауылбаевтың төрағалығымен өткен кеңейтілген алқа мәжілісіне Президент Әкімшілігінің және Премьер-Министр Кеңсесінің жауапты қызметкерлері, Парламент депутаттары қатысты. Жиын барысында әрбір аймаққа бес институционалдық реформаны жүзеге асырудағы "100 нақты қадамды" орындау бойынша тапсырмалар берілді. Сондай-ақ заңдылық пен құқық тәртібін нығайту, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын және қоғам мен мемлекеттің мүдделерін қорғау мәселелері де назарға алынды. Бас Прокурор мемлекеттік қазынаны толықтыру және бюджет қаражатын жұмсау саласына қадағалауды күшейту қажеттігін атап өтті. Алдағы уақытта қадағалау тәжірибесін жетілдіру, жұмыстың камералдық әдісіне біртіндеп көшу көзделіп отыр.
24.kz


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!