Қазақстан жедел түрде жаһандық антитеррорлық ұйым құруға шақыруда

Фотография - Қазақстан жедел түрде жаһандық антитеррорлық ұйым құруға шақыруда

ҚР СІМ Буркина-Фасо астанасы Уагадугуда жасалған террористтік актіні қатаң айыптайды

688 0

ҚР СІМ оншақты бейбіт тұрғынның өліміне әкелген Буркина-Фасо астанасы Уагадугуда 2016 жылдың 16 қаңтарында жасалған террористтік актіні айыптады. Қазақстанның сыптқы саяси ведомствосы мұны бүгін мәлімдеді, деп хабарлайды Today.kz

Сыртық істер министрлігі саны 29 адамға жеткен қаза болғандардың отбасыларына қайғысымен бөлісетіндігін білдірді.

"Қазақстан Буркина-Фасо билігіне толық қолдау білдіріп, ел мен аймақтың терроризмге қарсы күресіне ниеттестік білдіреді. Қаза болғандардың жақындары мен отбасына қайғысына ортақ екенімізді білдіре отырып, терракт уақытында зардап шеккендердің барлығына тезірек сауығуын тілейміз", - делінген ведомствоның мәлімдемесінде.

ҚР СІМ әлем бойынша террористтік ұйымдардың белсенділік танытуына қатысты БҰҰ туы астында жедел түрде жаһандық антитеррористтік желі ұйымдастыруға шақыруда.

Естеріңізге салсақ, лаңкестер Буркина-Фасо астанасы Уагадугуда алдымен көшеде атыс ұйымдастырып, көшедегі бірнеше көлікті өртеген соң, Splendid қонақ үйіне басып кіріп, кепілге адамдарды алған. Соңғы мәліметтер бойынша 29 адам көз жұмған. Қонақ үйді мемлекеттік күштер шабуылмен алып, әлемнің 18 елінен 150 адам құтқарылды. Қаза болғандар мен зардап шеккендер арасында қазақстандықтар жоқ. Терракті үшін жауапкершілікті "Әл-Қаида" Ислам мағрибі" мен "Әл-Мурабитун" тобы алды.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!