Елімізде педофилдердің суреті интернетте жарияланбақ

Фотография - Елімізде педофилдердің суреті интернетте жарияланбақ

Бас прокуратура онлайн тізімге 1991 жылдан бастап ұл-қызды қорлаған 2 мыңнан аса педофилді тіркеп қоймақ.

394 0

Елімізде ұл-қызды зорлаған азғындардың аты-жөні мен суреті интернетке салынбақ деп хабарлайды КТК арнасы.

Бірыңғай ақпараттық базада педофилдердің тұрғылықты мекен-жайы, жеке басы туралы ақпарат та жазылады. Бас прокуратура онлайн тізімге 1991 жылдан бастап ұл-қызды қорлаған 2 мыңнан аса педофилді тіркеп қоймақ.

Прокурорларды мұндай қадамға адам шошырлық статистка мәжбүрлеп отыр. Себебі тек былтырдың өзінде 1200 жасөспірімді азғындар жәбірлеп кеткен.

Балаларды мұндайлардан қорғау үшін Бас прокуратура педофилияға қатысы бар шетелдіктерді елге мүлдем кіргізбеуді де ұсынып отыр.




Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!