Қазақстанда доңыз тұмауынан көз жұму жағдайы тіркелді

Фотография - Қазақстанда доңыз тұмауынан көз жұму жағдайы тіркелді

Тұмау жұқтыру өткен аптамен салыстырғанда тоғыз пайызға өскен

510 0

Қазақстан аумағында А(H1N1), A(H3N2) және В тұмауының вирусы таралуда. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында ҚР ҰЭМ Тұтынушылар құқығын қорғау комитетінің төрағасының орынбасары, ҚР басты мемлекеттік санитар дәрігер Жандарбек Бекшин мәлімдеді, деп хабарлайды Today.kz.

"Бүгінде бір жағдай тіркелді. Мен жылда бірлі-жарымды жағдай тіркелетінін айтқанмын. Бұл H1N1 штаммы ( доңыз тұмауы). Бұл жағдайда дәрігерге кещ келген, кеш диагноз қойылған және ем де кеш жасалған...Қазақстанның барлық аймағында тұмау вирусы айналып жүр, зертханалық түрде 270 тұмау жағдайы тіркелген. Сараптама жүруде", - деп хабарлады Жандарбек Бекшин.

Комитет ақпараты бойынша, тұмау мен ӨРВИ эпидемиологиялық жағдайы ағымдағы жылы тұрақты деп бағалануда. Бақылау нормасынан асқаны белгіленбеген.

Жалпы ауырғандар санының 70 пайызы – 14 жасқа дейінгі балалар.

Естеріңізге салсақ, мұның алдында Қазақстанда ТМД елдеріндегі ауыр жағдайға байланысты тұмау эпидемиясына дайындалуда делінген болатын. Украинада 30 вирустан көз жұмды, Арменияда – 11. Новосибирскте доңыз тұмауына байланысты балабақшалар карантинге жабылған.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!