ШҚО әкімдігі Президенттік тестті жоғары деңгейде өткізбеген аудандарды сынады

Фотография - ШҚО әкімдігі Президенттік тестті жоғары деңгейде өткізбеген аудандарды сынады

ШҚО әкімінің орынбасары Президенттік тестті тиісті деңгейде өткізбеген аудандарды сынға алды

235 0

ШҚО әкімінің орынбасары Жақсылық Омар Президенттік тестті тиісті деңгейде өткізбеген аудандарды сынады. Өткен жыл қорытындысы бойынша аймақтың бірқатар аудандарында Президенттік тест көрсеткіші түсіп кеткен, деп хабарлайды ШҚО ақпарат орталығынан.

Аталған тест көрсеткіші қатысушылардың аз болғандығынан төмендеген. Соның ішінде, Риддер, Курчатов қалаларымен қатар, Шемонайха, Бесқарағай, Глубокое, Катонқарағай, Көкпекті және Ұлан аудандарының көрсеткіші 6% айналасында.

"Президенттік тест жай ғана көрсеткіш емес. Сондықтан, бұл мәселеге аса жауапкершілікпен қарап, жоғарғы деңгейде өткізулеріңізді сұраймын. Егер ол тапсырма орындалмаса, тиісті шаралар қолданылады", – деді Ж. Омар.

Сондай-ақ, облыс әкімінің орынбасары аймақ тұрғындарының спортқа қатысудағы үлес салмағына қатысты сандарды да қайта қарап, сараптама ретінде болжау және талдау институттарын тартуды ұсынды


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!