Ақтөбе облысының әкімі өңірдегі бірнеше кемшілікке назар салды

Фотография - Ақтөбе облысының әкімі өңірдегі бірнеше кемшілікке назар салды

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев кезекті апта сайынғы аппарат жиналысын өткізіп, онда бірнеше саланың кемшіліктерін атап көрсетті

341 0

Өңір басшысының айтуынша, қазіргі жолаушылар тасымалы мәселесі сын көтермейді. Бүкіл облыс орталықтарында бар диспетчерлік қызмет бізде жоқ. Автобустар жүру кестесін сақтамайды. Жолда тұрып қалу жағдайлары жиі кездеседі. Көліктердің көбі көнерген, деп жазады облыс әкімінің баспасөз қызметі.

"Автопарк" ЖШС-ына жыл сайын қомақты қаржы бөлінеді. Ол қаржының жартысы әлеуметтік әлсіз қорғалған топтардың тегін жүруі үшін жұмсалады делінеді. Шынымен солай ма? Мұндай өрескелдік басқа ешбір облыста жоқ. Сосын: Мен ана маршрутқа жүремін, мына маршрутқа жүрмеймін — деген әңгіме мүлде болмауы тиіс. 5 жақсы маршрутқа 5 тиімсіз маршрут қосып беру керек.

Аудандарға шыққанда елдімекендерге баратын жолдар бойында белгілердің жоқтығы да қатал сын тезіне алынды. Мысалы, жол бойында көлігі бұзылып қалған кісі өзінің қайда тұрғанын білмейді. Ол көмек шақыртқанда, өзінің нешінші шақырымда тұрғанын айтуы керек.

"Автопарк" ЖШС-ымен келісімшарт 7 жылға жасалыпты. Бұл да еш қисынға келмейді. Мысалы 1 жылға жасап, егер жұмысы дұрыс жүріп жатса ғана әрі қарай созу керек.

Осының бәрінің себебі — бәсекелестік ортаның болмауы. Облыс әкімі жолаушылар тасымалы қызметіне басқа да үміткерлерді тарту қажеттігін қадап айтты. Өңір басшысы облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Асқар Есжановқа саладағы кемшіліктерді бір ай ішінде түзеу керектігін тапсырды. Егер қызмет көрсетуші өз қызметін орындамаса, келісімшартты бұзу керек.

Мемлекеттік сатып алу мәселесіне де жауапкершілікпен қарау қажет. Бізде тендер өткізу мәселесінің кейде жаз ортасына дейін созылатыны бар. Облыс әкімі тендердің бәрі ақпан айында өткізіліп, наурыз-сәуірде жұмыстар басталып кетуі керектігін шегелеп айтты.

Жиында сөз болған өзекті мәселенің бірі — қар тоқтату. Облыс әкімі биылғы жылы қардың мол боп тұрғанын, мұндай мүмкіндіктің жылда бола бермейтінін айтты. Қарды молырақ тоқтату керек. Ол — ертеңгі мол өнімнің кепілі. Алайда аудан әкімдері бұл бағытта жұмыс істемей отыр. Аудандарға шыққанда, қар тоқтатып жатқан техниканы көрмейсің. Бұлай жайбарақаттыққа салынуға болмайды.

Су қоймаларының жағдайлары да ерекше сөз болды. Бүгінгі мол қар ертең көктем кезінде су тасқынына ұласуы мүмкін. Сондықтан да алдын ала дайындық жасау, сақтық шараларын ойластыру қажет. "Топан судың астында қалмайық!" — деп ескертті Бердібек Машбекұлы.

Қазіргі уақытта аудандарда ауыл әкімдерінің есеп беруі басталды. Облыс әкімі өзі екі ауыл әкімінің кездесуіне қатысқанда олардың кездесуге түк дайындықсыз келетіндігін аңғарды.




Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!