ҰҚК Шегара қызметінде тәрбиешілер жиыны өтті

Фотография - ҰҚК Шегара қызметінде тәрбиешілер жиыны өтті

Жиындарға ҚР ҰҚК Шекара қызметі Директорының орынбасары генерал-майор Наиль Алдаевтің басшылығымен өткізілді.

277 0

Жиындарға ҚР ҰҚК Шекара қызметі Директорының орынбасары генерал-майор Наиль Алдаевтің басшылығымен өткізілді, деп хабарлайды ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі

Бұл шараны ұйымдастырушылардың көздеген негізгі мақсаты – тәрбиелік құрылымдардың басқарушылық іс-әрекеттерін жетілдіру, барлық деңгейдегі тәрбиешілердің кәсіби шеберліктерін шыңдау, тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыс жүйесін одан әрі нығайту болды.

Генерал-майор Н. Алдаев 2014 жылға қарағанда барлық бағыттарда ілгерілеушіліктің бар екендігін атап өтті. Атап айтқанда, жеке құрам арасында қазаның, жарақат алушылықтың, тәртіп бұзушылық пен оқыс оқиғалардың саны кеміген. Бұны тәрбиешілердің еңбегінің нәтижесі демеске негіз жоқ.

Айта кетерлігі, бұл жиындар әскери тәрбиешілердің кәсіби мерекесімен тұспа-тұс келді. 1993 жылы дәл осы күні Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Қарулы Күштерде тәрбие жұмысы органдары құралған болатын. Тәрбиеші офицерлер – әскерлердің өміріне мемлекеттік идеяларды енгізушілер, мемлекеттің ішкі саясатын шекарашылар арасында жүзеге асырушылар болып табылады.

Соңынан 2016 жылға арналған міндеттер де айқындалды.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!