Мәслихат депутаттары аудандық жергілікті полиция қызметінің бастықтарын бекітті

Фотография - Мәслихат депутаттары аудандық жергілікті полиция қызметінің бастықтарын бекітті

Астана қаласы бойынша Тексеру комиссиясының төрағасы Ғалымжан Молдаш депутаттарды тиісті мемлекеттік мекеме туралы Ережемен таныстырып өтті

392 0

Қалалық мәслихаттың кезектен тыс 63-ші сессиясында елорда әкімінің орынбасары Андрей Лукин депутаттарға аудандық ішкі істер басқармалары жергілікті полиция қызметтерінің басшылары қызметіне кандидатураларды ұсынды, деп хабарлады Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі. 

"Есіл" ауданының жергілікті полиция қызметінің басшысы лауазымына 1995 жылдан бері құқық қорғау органдары жүйесінде жұмыс істейтін және қазіргі кезде Әкімшілік полиция басқармасы бөлімінің басшысы қызметін атқарып жүрген подполковник Серік Әбуталиповтың кандидатурасы қалалық мәслихаттың келісуіне ұсынылды.

"Алматы" ауданының жергілікті полиция қызметінің басшысы лауазымына подполковник Алмас Жапаровтың кандидатурасы ұсынылды. А. Жапаров құқық қорғау органдарында 1999 жылдан бері істейді, бұған дейін Әкімшілік полиция басқармасы бөлімдерінің бірін басқарған.

Бұған дейін ювеналды полиция бөлімінің аға инспекторы болып істеген және құқық қорғау органдарында 2005 жылдан бері қызмет етіп жүрген майор Азамат Садықовтың кандидатурасы "Сарыарқа" ауданының жергілікті полиция қызметінің басшысы лауазымына ұсынылды.

Мәслихат депутаттары Астана қаласының Ішкі істер департаменті "Алматы", "Есіл" және "Сарыарқа" аудандарының ішкі істер басқармаларының жергілікті полиция қызметтерінің басшылары қызметіне ұсынылған кандидатураларды бірауыздан қолдады.

Сонымен қатар, Астана қаласы бойынша Тексеру комиссиясының төрағасы Ғалымжан Молдаш депутаттарды тиісті мемлекеттік мекеме туралы Ережемен таныстырып өтті. Сессия барысында Астана қаласының әкімдігі жанындағы Кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңестің құрамына өзгерістер енгізілді. 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!