Бүгін Мәжілістің жалпы отырысы болып өтті

Фотография - Бүгін Мәжілістің жалпы отырысы болып өтті

Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында Палата Төрағасы Қабиболла Жақыпов әріптестерін Парламент қызметінің айтулы күндерімен құттықтады.

94 0

Мәжіліс Сипкері бүгін осыдан тура 20 жыл бұрын Қазақстанның қос палаталы Парламенті, сондай ақ, төрт жыл бұрын дәл осы күні Мәжілістің бесінші сайланымы өз жұмысын бастаған ерекше күн екенін атап өтті.

Ал, жалпы отырыстың күн тәртібі бойынша халық қалаулылары талқысына бірқатар ратификациялық құжаттар ұсынылды. Соның бірі - 1999 жылғы 18 қарашадағы Ресеймен "Байқоңыр" ғарыш айлағынан зымырандарды жіберу кезінде авариялар болған жағдайдағы өзара іс-қимыл тәртібі туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы үкіметаралық хаттаманы ратификациялауға байланысты.

Заң жобасы аясында аварияның зардаптарын жою жөнінідегі бірлескен штабтың қызметі нақтыланды. Бірлескен штаб орындалатын жұмыстардың көлемі мен мерзімін, тартылатын күштер мен құралдардың құрамын және міндеттерін, тартылатын күштердің өзара іс-қимылдар тәртібін айқындайды және жұмыстардың жүргізілу барысын бақылауды жүзеге асырады. Штаб бастықтарының шешімдерімен бір тәулік ішінде қызметтің тиісті бағыттары бойынша нысаналаы жұмыс топтары құрылатын болады.

Осы күні Мәжіліс депутаттары Германиямен Адамдарды қабылдау және транзиттеу туралы үкіметаралық келісімді (реадмиссия туралы келісім) ратификациялады.

Келісімге сәйкес әрбір тарап сұрау салушы тарап мемлекетінің аумағында қолданыстағы келу немесе болу қағидаларын орындамайтын немесе орындауды тоқтатқан адамды, егер осы адам сұрау салынатын Тараптың азаматы болып табылатыны дәлелденсе, қабылдайды.

Жалпы отырыста Палата Қазақстан мен Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігі арасындағы қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек туралы шартты және Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің шекара мәселелері бойынша ынтымақтастығы мен өзара іс-қимылы туралы келісімді ратификациялауға қатысты заң жобаларын жұмысқа қабылдады.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!