Қазақстан үздік елдер рейтингінде 55 орында

Фотография - Қазақстан үздік елдер рейтингінде 55 орында

Елдер тоғыз көрсеткіш бойынша бағаланды

144 0

Швейцарияның Давос қаласында өткен Дүниежүзілік экономикалық форумда әлемнің ең үздік мемлекеттерінің тізімі жарияланды. Бұл тізімді US News & World Report даярлаған, деп жазады Today.kz америкалық New York Post басылымына сілтеме жасай отырып.

Елдер тоғыз көрсеткіш бойынша бағаланды: туризм мен ойын-сайық, мемлекеттің әлеуметтік міндеттері, мәдени әсері, кәсіпкерлікті дамыту жағдайлары, тарихи мұра, экономика өсімі, бизнеске ашық болуы, әлемдік аренадағы әсері, өмір сүру деңгейі.

Жалпы рейтингте Германия, Канада, Ұлыбритания, АҚШ, Швеция және Австралия алда тұр. Қытай жетінші орында, Индия — 22, Португалия – 23, Россия – 24, Израиль – 25, Турция — 30. Рейтингке кірген елдердің алпыстығын Қазақстан (55 орын), Пәкістан (56), Нигерия (57), Иран (58), Украина (59) және Алжир (60) аяқтап тұр.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!