Үш жылда Қазақстан өзін азық-түлікпен қамтамассыз ететін болады - Құлыбаев

Фотография - Үш жылда Қазақстан өзін азық-түлікпен қамтамассыз ететін болады - Құлыбаев

Оның пікірінше, адамдардың жермен еңбек етуін арттыру керек

470 0

Екі үш жылда Қазақстан өз азық-түлік себетін қамтамассыз ететін жағдайға жету керек, деп есептейді ҚР Кәсіпкерлердің ұлттық палатасының президиум төрағасы Тимур Құлыбаев. Палатаның профильді комитеттерінің отырысында ол ауылшаруашылық және тамақ өндірісін алға шығаруға шақырды, деп жазады Today.kz мекеменің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Құлыбаевтің айтуынша, аумақтық даму картасы аясында нені өсіріп, нені өндірген нәтижелі болатындығының тізімін анықтап алуымыз қажет. Оның пікірінше, бұл үшін алдағы бірнеше жылда валюталық шығындарды азайту үшін, импорттық азық-түлік тізімін қайта қарастыру қажет. Жетіспей жатқан азықты көршілес елдерден алған жөн, алыс шетелден емес.

"Екі-үш жылда біз өзімізге жеткілікті болатындай өзіміздің азық-түлік себетімізді қамтамассыз ете алатындай болуымыз керек. Кондитерлік салаға қажетті какао, кофе мен өзге экзотикалық өнімді шетелден долларға сатып алатынымыз түсінікті, дегенмен, оның үлкен бөлігін теңгемен субсидиялауға болады", - дейді Тимур Құлыбаев.

Ол комитеттерге ауылшарушылық кооперацияларды дамытуға, субсидиялау бағдарламасын жетілдіруге, Астана мен Алматының азық-түлік кластеріндегі көліктік-логистикалық жүйені дамытуға, кейін осы тәжірибені басқа аймақтарға да таратуға тапсырма берді. Алғашқы нақты ұсыныстарды алдағы аптада-ақ қарауға алынады.

Ресми мәліметтер бойынша, Қазақстан өзін 100 пайызға ұн мен күрішпен ғана қамтамассыз етеді, сонымен бірге көптеген азық-түлікті импорттауға тура келеді. Қазақстанда ең аз өндірілетіні тауық еті – ішкі тұтынуда бар болғаны 47 пайыз.

Сонымен бірге, Құлыбаев энергетика мен жаңа технологиялар комитеттерінің кеңесін өткізді. Бұл жерде ол жекешелендіру бағдарламасы шеңберінде жеке кәсіпорын алғысы келетін отандық кәсіпкерлерді қолдау механизімін даярлауды ұсынды. Мысалы ондайды бөліп төлеу мүмкіндігін беру, алдымен төрттен бір бөлігін, кейін қалғанын бөлшектеп беруге.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!