Байбек "Оңай" жүйесі турасында: "Тұрғындардың көпшілігі риза"

Фотография - Байбек "Оңай" жүйесі турасында: "Тұрғындардың көпшілігі риза"

Алматы әкімі қоғамдық көліктерде электронды билеттеу жүйесін енгізу жайын бағалады.

433 0

Алматы әкімі Бауыржан Байбек қоғамдық көліктегі "Оңай" электронды төлеу жүйесі туралы өз пікірін білдірді, деп жазады Today.kz. Алматының 2015 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының нәтижелерін қортындылау бойынша кеңесте әкім енгізілген жүйені оң бағалады.

"Оңай" жүйесі барынша айқындылық береді, сапаны қамтамассыз етеді. Бұл тасымалдаушылар жолаушыларды едені тесік автобустармен тасымас үшін, бізде сапалы, заманауи автобустар болуы үшін қажет. Біз бұл реформаны 90 пайызға өттік, қалған мәселелр бойынша жұмыс істеу керек. Сұрақтар әрдайым болады – тұрғын көп. Ал, жалпылай алғанда тұрғындардың негізгі көпшілік бөлігі риза екенін көріп тұрмыз", - деді Байбек, түсетін қаржы көліктік инфрақұрылымды дамытуға бағытталатынын қоса отырып.

Сондай-ақ, ағымдағы жылы қаламыз үшін 200 жаңа автобус сатылып алынатынын мәлімдеді. Бұған қаржыны жеке инвесторлар бөледі.

"Алматыэлектротранстың" 70 пайызын сатып алған инвестор алғашқы жарты жылдықта 200 жаңа автобус сатып алады. Бюджет есебінен емес, жеке қаржыға сатылып алынады", - деп атап өтті Бауыржан Байбек.

Естеріңізге салсақ, электронды билеттеу жүйесін Алматыда 2015 жылдың 1 қазанынан бастап тестті режиде қосылған болатын.

2016 жылдың 11 қаңтарынан бастап, қаладағы қоғамдық көлікте тек электронды төлем ғана жүреді.

2016 жылдың 18 қаңтарында "Алматы көлік холдингі" қалалық полициямен біріге отырып, қоғамдық көлікте жол ақыны қолма-қол жүргізген жолаушылар мен жүргізушілерге жаппай тексеріс жүргізе бастады. Рейдтің алғашқы күні 172 адамға айыппұл салынды.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!