Отырар ауданына жаңа әкім тағайындалды

Фотография - Отырар ауданына жаңа әкім тағайындалды

Отырар ауданының әкімі болып Ерлан Қуанышұлы Айтаханов тағайындалды

281 0

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі өкімімен Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің және аудандық мәслихат депутаттарының келісімімен Отырар ауданының әкімі болып Ерлан Қуанышұлы Айтаханов тағайындалды, деп хабарлайды ОҚО әкімдігінің баспасөз қызметі. 

Е.Қ.Айтаханов 1971 жылы туылған, білімі жоғары, мамандығы бойынша экономист, заңгер, экономика ғылымдарының кандидаты.

Еңбек жолын 1994 жылы "Alem Bank Kazakstan" кредит беру департаментінің экономисі болып бастаған. 1995-2012 жылдары Орталық Азия ынтымақтастық және даму банкінің кредит беру департаментінің бас маманы, "Қазақстан темір жолы" республикалық мемлекеттік кәсіпорны бөлімінің бастығы, "Қазақстан темір жолы" республикалық мемлекеттік кәсіпорны "Жолаушылар тасымалы" еншілес мемлекеттік кәсіпорны директорының орынбасары, "Қазақстан темір жолы" республикалық мемлекеттік кәсіпорны қаржы және бухгалтерлік есеп бас басқармасының бастығы, экономика, қаржы және бухгалтерлік есеп департаментінің бастығы, Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Қаржылық реттеу департаменті директорының орынбасары, Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау агенттігі төрағасының кеңесшісі, Алматы қаласы тарифтер жөніндегі басқармасының бастығы, табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау департаментінің директоры, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Ақмола облысы бойынша қаржы бақылау инспекциясының бастығы, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік инспекторы қызметтерін атқарған.

2014 жылғы қазан айынан бастап Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары болып еңбек етіп келген.

Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің өкімімен Салыхан Сабырұлы Полатов басқа жұмысқа ауысуына байланысты Оңтүстік Қазақстан облысы Отырар ауданының әкімі лауазымынан босатылды. 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!