Қазақстан мен Иран Тегеранда ірі іскерлік шара өткізеді

Фотография - Қазақстан мен Иран Тегеранда ірі іскерлік шара өткізеді

Қазақстандық өнімдерді Иран нарығына экспорттау саласындағы ынтымақтастықты дамытуға ерекше көңіл бөлінеді.

287 0

Биыл 6-8 ақпан аралығында ҚР Инвестициялар және даму министрі Әсет Исекешев бастаған қазақстандық делегация жұмыс сапарымен Тегеранға (Иран) барады деп жоспарланып отыр, деп хабарлайды ҚР ИДМ баспасөз қызметі. 

Қазақстандық өнімдерді Иран нарығына (металлөнімдері, құрылыс материалдары, жентек, астық және т.б.) экспорттау саласындағы ынтымақтастықты дамытуға ерекше көңіл бөлінеді. Осыған байланысты "сауда миссиясы" өткізіледі (сатушылар мен тұтынушылардың кездесуі).

Сапар аясында "Бәйтерек" ҰБХ мен "KAZNEXINVEST" экспорт және инвестиция жөніндегі ұлттық агенттіктің ұйымдастыруымен Қазақстан-Иран бизнес-форумы өтеді. Форумда инфрақұрылымдық, өнеркәсіптік жобалар бойынша ынтымақтастықты дамыту, сонымен бірге бірлескен жобаларды жүзеге асыру мәселелері талқыланады. Иранда Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктері және шетелдік инвесторларды мемлекеттік қолдау шараларының тұсаукесері өтеді. Бизнес-форумға Қазақстанның 40-тан астам ірі кәсіпорындарының және Иранның 150 ірі корпорациясының өкілдері қатысады.

ҚР Инвестициялар және даму министрі Ә.Исекешевтің сапар аясында Иранның ресми тұлғаларымен, соның ішінде Көлік және ауыл шаруашылығы министрлерімен, сонымен бірге іскер топ өкілдерімен кездесуі жоспарланған. 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!