Депутат болғысы келетіндер бар байлығын жасырмай жариялауы тиіс

Фотография - Депутат болғысы келетіндер бар байлығын жасырмай жариялауы тиіс

Бірақ, бұл отбасылық дүние-мүліктің құны белгілі бір сомадан асып кетпеу керек деген сөз емес

276 0

Парламенттегі орынтақтан үміткерлер декларация тапсыруға әзірленіп жатыр. Жиған-тергенін кандидат қана емес, олардың жұбайы да тізіп беруі керек.  

Ал декларациядағы мәліметтер салық комитетінің сүзгісінен өтетінін ескерсек, өтіріқ ақпарат анықталса кандидат тіркеуге алынбайды. Бірақ, бұл отбасылық дүние-мүліктің құны белгілі бір сомадан асып кетпеу керек деген сөз емес. Әзірге наурыздың 20-на белгіленген мерзімінен бұрын өтетін сайлауға бірнеше партия қатысатындықтарын мәлімдеп үлгерді. Қалған саяси күштер құрылтайға дайындалуда. Мәжіліс пен Мәслихат сайлауына бюджеттен 8 миллиард теңге бөлінгенін айта кетейік. Орталық сайлау комиссиясындағылар дағдарыс кезінде қыруар қаржыны үнеммен жұмсауға кеңес беріп отыр.
Қуандық Тұрғанқұлов, Орталық сайлау комиссиясының төрағасы:

"Сайлауға бөлінген қаржыны үнемдеу үшін қатаң қаржылық бақылау қажет. Қазіргідей қиын жағдайда қаражаттың тиімсіз жұмсалуына жол бермей, әрбір тиынды мақсатты түрде пайдалану керек".


Baq.kz


Тегтер:

мәжіліс

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!