"Оңай" арқылы бұлыңғыр экономикадан 7 миллиард теңгені шығарып аламыз - Байбек

Фотография - "Оңай" арқылы бұлыңғыр экономикадан 7 миллиард теңгені шығарып аламыз - Байбек

Қаладағы қоғамдық көлік нарығы 19-20 миллиард теңгені құрайды

392 0

Алматы әкімі қаланың қоғамдық көлігі нарығының көлеміне баға берді. Бауыржан Байбектің айтуынша, әңгіме 20 миллиард теңге жайында, деп жазады Today.kz. Әкімнің айтуынша, "Оңай" жүйесінің арқасында бұл бизнес айқын бола түсті.

"Қазіргі қойылып жатқан ең негізгі сұрақ, бұл айлық жол билеттерін айналымнан шығару туралы. Біз нарық көлемін түсіну үшін уақыт сұрадық. Ол толықтай айқын емес, түсінікті емес болды: қандай түсім, қандай шығын, ақша қайда кетіп жатыр? Бүгінде біз нарықтың көлемі 19-20 миллиард теңге екенін көріп отырмыз, яғни, 6-7 миллиард теңгені біз күңгіртті экономикадан шығарамыз", – деді Бауыржан Байбек Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында.

Оның айтуынша, айлық жол билеттерді қайта енізу туралы ұсыныс келді, ол қала маслихатының 27 қаңтардағы отырысында қаралады.

"Жеті жасқа дейінгі балалар тегін, мектеп оқушылары – 1000 теңге, зейнеткерлер – 2000 теңге, бұл категорияда көп балалы аналар қаралмаған. Жергілікті бюджеттен бөлінетін 5 пайыздық жеңілдік беріледі, көп балалы аналар үшін 2000 теңге және студенттер үшін 3000 теңге. Ең маңыздысы, кембағал жандар қамтылмаған. Бірінші екінші топтағы жандар, ҰОС ардагерлері және оған теңестірілген адамдар, олар үшін қалада жүру тегін болады", –  деді алматы әкімі.

Оның айтуынша, осы мақсатта жергілікті бюджеттен екі миллиард теңге бөлінеді.

Естеріңізге салсақ, "Оңай"  электронды жүйесі 2016 жылдың қаңтарында енгізілді. Қала басшысы жүйе бойынша мәселелер барын айтты, дегенмен бұл өте аз мөлшерде, ал халықтың көпшілігі риза екнін де атап өтті.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!