Алматы балабақшаларында ақы 15 мың теңгеге дейін арзандатылады

Фотография - Алматы балабақшаларында ақы 15 мың теңгеге дейін арзандатылады

Қазіргі кезде балабақшадағы бір орын 38 мың теңге

355 0

Алматыда жергілікті бюджеттен балабақшалардағы ақыны төмендету үшін үш миллиард теңге бөлінді. Бұл туралы қала әкімі Бауыржан Байбек айтты, деп жазады Today.kz. Бұл шара аясында 17 мың бала қамтылады.

"Ел аймақтарында балабақшалар мемлекет есебінен қаржыландырылады, халық тамақтындыру үшін 13 500 теңге төлейді. Алматыда 5-6 жастан бастап балалар үшін мемлекет қаржы бөлген, 3-5 жастағылар үшін ата-аналар толықтай өздері төлеген. Бүгінде айлық есептік көрсеткіш өсіп, ата-аналар 27 теңге төлейді және балабақшадағы бір орын 38 мың теңге тұрады. Бүгінде ата-аналар балаларын алып кетіп жатқанын байқап жатырмыз. Бұл сұрақ көтерілді, егжей-тегжейлі қаралды, шешім қабылдадық", – деді Бауыржан Байбек Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында.

Ол жергілікті бюджеттен балабақшалардағы ақыны төмендету үшін үш миллиард теңге бөлінгенін атап өтті.

"Ата-аналар орташа 15 мың теңге төлейтін болады, яғни, бір баладан 20-21 мың теңге үнемдейді. Осы шара 17 мың баланы қамтиды. Бұл өте маңызыд мәселе. Әлеуметтік әлсіз отбасылар жәрдем алады. Мен бұны Президент тапсырмасының өте нақты орындалуы болады деп ойлаймын", - деп аяқтады Бауыржан Байбек.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!