EXPO-2017 құрылысының қаржысы қысқарады

Фотография - EXPO-2017 құрылысының қаржысы қысқарады

ЕХРО қалашығының құрылысына жұмсалатын қаржы тағы да бірнеше миллиардқа қысқартылмақ.

647 0

Бюджет қаражатын үнемдеуге бағытталған ұсынысты басқарма төрағасы Ахметжан Есімов Елбасыға жеткізеді. Бұл туралы ЕХРО компаниясының жанынан құрылған қоғамдық кеңестің алғашқы отырысында мәлім болды.

Ахметжан Есімовтің айтуынша, қаржы оңтайландырылғанымен, жұмыс барысы жоспар бойынша жүргізіледі. Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін көрме құрылысына бөлінген 78 млрд теңге де мемлекет қазынасына қайтарылған еді. Қыркүйек айында қолданысқа берілетін нысан құрылысына соңғы 5 айда 243 отандық кәсіпорын тартылды. 32 млрд теңгеден көп қаржыға тауар алынды. Айта кетейік, қазіргі таңда Астанада өтетін көрмеге 70 мемлекет пен 13 халықаралық ұйым қатысатындығын растап отыр.

Ахметжан Есімов, "Астана ЕХРО-2017" ҰК" АҚ басқарма төрағасы:
- Өткелі тұрған көрмеге деген қызығушылық өте жоғары. Қазірдің өзінде 70 мемлекет қатысуға ниет білдірді. Олардың қатарында Ұлыбритания, Франция, Италия, Германия, Швейцария бар. Қатысушылар саны биыл 100-ден асады деп ойлаймыз. Тақырыптың өзектілігіне байланысты әлем назары Қазақстанға ауып отыр.

24.kz


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!