ЕХРО қалашығының құрылысына отандық 243 кәсіпорын тартылды

Фотография - ЕХРО қалашығының құрылысына отандық 243 кәсіпорын тартылды

5 айда 243 кәсіпорын қатысып, 32 млрд теңгеге тауар алынған.

469 0

ЕХРО қалашығының құрылысына отандық тауар өндірушілер көптеп тартылуда. Нысан құрылысына соңғы 5 айда 243 кәсіпорын қатысып, 32 млрд теңгеге тауар алынған. Сондай-ақ, алдағы уақытта 11 млрд теңгеге қызмет көрсетілмек. Бұл туралы ЕХРО компаниясының жанынан құрылған қоғамдық кеңестің отырысында мәлім болды. Әлемдік ауқымдағы көрме алғаш рет 1851 жылы Лондонда өтті. Статистикалық деректер бойынша, шараға 6 млн-ға жуық адам қатысқан. Ал қазақ халқының тарихындағы елеулі оқиға келесі жылы болмақ. Қазір ЕХРО қалашығында қызу жұмыс жүріп жатыр. Қыркүйекте қолданысқа берілетін нысан құрылысына соңғы 5 айда 243 отандық кәсіпорын тартылған. 32 млрд теңгеден астам қаржыға тауар алынды. Ал көрмеге қатысуға ниетті мемлекеттер қатары 70-ке жетті.

Ахметжан Есімов, Астана "ЕХРО-2017" ҰК" АҚ басқарма төрағасы: - Өткелі тұрған көрмеге деген қызығушылық өте жоғары. Қазірдің өзінде 70 мемлекет қатысуға ниет білдірді. Олардың қатарында Ұлыбритания, Франция, Италия, Германия, Швейцария бар. Қатысушылар саны биыл 100-ден асады деп ойлаймыз. Тақырыптың өзектілігіне байланысты әлем назары Қазақстанға ауып отыр. "Болашақ энергиясы" тақырыбымен өтетін көрмеде әлемдегі баламалы қуат көздерінің озық үлгілері, жасыл технология ғылымындағы соңғы жетістіктер мен заманауи жобалар қамтылады. Озық идеялар көрме барысында таныстырылып қана қоймай, барша тұрғындарға пайдасы мол бастамаға айналмақ. Осы ретте Елбасы "жасыл" технологияны дамыту бағытында арнайы орталық құруға тапсырма берді.

Бақытжан Жақсалиев, ҚР Энергетика министрінің орынбасары: - Энергетика министрлігі мен Назарбаев Университеті орталықты құру бойынша жұмыстар жүргізіп жатыр. Қаржы мәселесіне байланысты жаңа құрылымның қызметі халықаралық көрмеден кейін басталады. ЕХРО тек қана көрме алаңы болып қана қоймай, тәжірибе алмасу, ой бөлісу орталығына айналуы керек. Сонда ғана орталықтың негізгі бағдарламасы қалыптасады деп ойлаймын. Заманауи идеялар мен жобалар мекеніне айналатын ЕХРО қалашығының құрылысы ерекше назарға алынып отыр. Әсіресе отандық өндірістен шыққан тауарларға басымдық берілуде. Осылайша алдағы уақытта 11 млрд теңгеге өнім сатып алынбақ.

24.kz



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!