Алматы облысында тікұшақ апатын прокуратура тергеуге алды

Фотография - Алматы облысында тікұшақ апатын прокуратура тергеуге алды

Бюджеттік қаржыны қолдану мен авиациялық-көліктік қызмет көрсету заңдылығының сақталуын тексеру тағайындалды

544 0

Қазақстанның Бас көліктік прокуратураның арнайы прокуроры Алматы облысындағы MD-600N тікұшағының құлауын тергеумен айналысатын болды. Сонымен бірге, бюджеттік қаржыны қолдану мен "Санитарлық авиацияның Республикалық орталығы" РМК авиациялық-көліктік қызмет көрсету заңдылығының сақталуын тексеру тағайындалды, деп жазады Today.kz веломствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

"Қазақстан Республикасының Бас прокурорының тапсырмасымен  қазіргі кезде сотқа дейінгі тергеу материалдары Қазақстанның Бас көліктік прокуратурасының арнайы прокурорының қарауына өтті", - делінген хабарламада.

Естеріңізге сала кетейік, 27 қаңтарда сағат 16:55 MD-600 тікұшағымен  байланыс үзілген. Белгілі болғандай, 15:45 Үшаралдан Талдықорған қаласының облыстық ауруханасына науқас баланы жеткізу үшін ұшып жыққан. Тікұшақ ішінде бес адам болған:  В. Кондратюк, дәрігер-гематолог Б. Кайсанова, фельдшер Г. Хамитова, Карлыгаш Әбілқасым және оның 2015 жылы туылған сәбиі  Багым Абылкасым.

Іздестіру жұмыстарына ҚР ІІМ бөлімдерінен, Ұлттық гвардия Талдықорған гарнизоны және де жергілікті құқық қорғау органдарынан құралған,  құрамында 500-ге жуық адамы бар және 70 техникасы бар  18 топ жұмылдырылған.

 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!