Нұрсұлтан Назарбаев Астана базарларындағы бағаларды жеке өзі тексерді

Фотография - Нұрсұлтан Назарбаев Астана базарларындағы бағаларды жеке өзі тексерді

Президент бағалар бойынша ештеме қатты өзгермегенін, ал кей азық-түлік түрлері тіпті арзандағанын атап өтті

370 0

"Нұр Отан" партиясының төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев партия мүшелеріне XVII кезектен тыс сьезінің қарсаңында бірнеше Астаналық базарларға барып, бағаларды көргенін айтты, деп жазады Today.kz. Оның айтуынша, бағалар бойынша ештеме қатты өзгермеген, ал кей азық-түлік түрлері тіпті арзандаған.

"Қараңыздар – негізгі азық-түлік түрінің бағалары: сиыр еті өткен жылы қаңтар айында 1270 теңге болатын, қазір – 1150 теңге, жылқы еті – 1600-1400 теңге, нан 108 теңге болған екен сол бағада қалды, сүт 199 теңге болған – 175, сары май – 1500 теңге, бүгінде – 1300, енді мында үлкен тізім, - деп нақтылады Нұрсұлтан Назарбаев. – Макарон 257 теңге болған, қазір – 170, картоп 96 теңге болған, қазір – 80. Тағы да не ең көп тұтынылатын? Лимон 150 теңгеге қымбаттаған, бірақ біз лимонсыз өмір сүре алатын шығармыз – әрдайым лимонсыз өмір сүрдік. Сондықтан жағдайды дұрыс білмей жатып сөйлейтіндер – міне... барыңыздар, базарға барып, менің айтқанымды тексеріп көріңіздер", – деді Назарбаев.

Сонымен бірге Елбасы Қазақстанда баспана бағасының өскендігін де жоққа шығарды. Дәлел ретінде бұл жерде де бағаларды келтірді: 2015 жылдың қаңтар айында бетонның кубометрі 8200 теңге тұрса, қазір – 7200, силикатты кірпіш 8300 болған, қазір – 8220. Арматура да үш мың теңгеге арзандаған.

Сонымен қатар, Нұрсұлтан Назарбаев аймақтардағы шаруалар Астанада қайндай дағдарыс жайында айтып жатқандығын түсінбей отырғанын жеткізді. "Қандай дағдарыс, аман-есен отырмыз ғой, азық бар, үй бар, жұмыс бар, мал қорада", – дейді Президент.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!