Орта азиялық діни-құқықтық мектеп рөлін арттыруымыз керек - Бас мүфти

Фотография - Орта азиялық діни-құқықтық мектеп рөлін арттыруымыз керек - Бас мүфти

Ресейдің Омбы қаласында өткен "Ислам және дінаралық келісім" атты ғылыми-тәжірибелік конференцияда Қазақстан Бас мүфтиінің сөзі

386 0

"Орта азиялық діни-құқықтық мектептің рөлін арттыруымыз керек". Ресейдің Омбы қаласында өткен «Ислам және дінаралық келісім» атты атты ғылыми-тәжірибелік конференцияда Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Ержан қажы Малғажыұлы осылай деді.

"Біз, осы орайда, дәстүрімізге, болмысымызға, діни саладағы жолымыз – ортаазиялық діни-құқықтық мектептің рөлін арттыруымыз керек", – деді Бас мүфти.

ҚМДБ төрағасы мәлімдегендей, бұрыннан қалыптасып, дала халқының болмысымен, табиғатымен біте қайнасып кеткен діни мектеп Орта Азия мұсылмандарын ортақ мақсатқа үндейді. Діннің түп негізіне сүйенген діни ережелерді берік ұстануымыз – бірлігіміздің нығая түсуіне жаңа мүмкіндіктер туғызады.

"Осы орайда Қазақстан және Орталық Азия мұсылмандарының ортақ құндылықтарын айқындайтын, біртұтас үмметтің бағдаршамы болатын арнайы, тарихи құжаттың жобасын әзірлеуді ұсынамын", – деді халықаралық басқосуда Ержан қажы Малғажыұлы.

Сондай-ақ, Ресей Федерациясының Омбы облысына жасаған ресми сапары барысында Омбы қаласындағы Қазақстан Республикасы консулдығының басшысы Елдар Қонаевпен кездесті.


muslim.kz



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!